Аңдатпа
Мақалада жоғары білім беруді цифрландыру жағдайында ЖОО оқытушысының психологиялық кәсіби қызметін трансформациясының теориялық және практикалық аспектілері қарастырылған. Білім беру процесінде қолданылатын цифрлық технологиялардың дамуы, цифрлық сауаттылықты қалыптастыру ерекшеліктері, сондай-ақ қоғам дамуының қазіргі жағдайында педагогтың тұлғасына қойылатын талаптар ашылды. ЖОО-да цифрлық білім беруді жүзеге асыру бойынша отандық және шетелдік педагогтардың тәжірибесі жинақталды.
Жоғары оқу орындары мен ПОҚ алдында білім беруді цифрландыру жағдайында КҚО жүзеге асыру үшін цифрлық технологияларды қолдануға дайын ба деген сұрақ туындайды. Біз Алматы технологиялық университетінің оқытушылары арасында шағын зерттеу жүргіздік. Сауалнама әдісі арқылы оқытушылардың цифрлық технологияларды қолдануға дайындық деңгейі зерттелді. Сауалнама цифрлық білім беруді іске асыру үшін қажетті әртүрлі дағдылар мен құзыреттерге қатысты 20 сұрақтан тұрды (ақпараттық құзыреттілік, цифрлық сауаттылық, стресске төзімділік, тайм-менеджмент, тиімді коммуникация мен кері байланысты жолға қою, ойлаудың икемділігі және т.б.). Сондай-ақ, университеттің заманауи оқытушыларының цифрлық технологияларды қолдануға психологиялық дайындығын зерттеу нәтижелері ұсынылған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлеріне үнемі біліктілік курстарынан өтіп, кәсіби маңызды білімнің, ақыл-ойдың жалпы даму деңгейін арттыру ұсынылады.