Мақалада денсаулық, салауатты өмір салтына оң көзқарас, салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер ететін факторлардың педагогикалық-психологиялық аспектілері қарастырылады.
Зерттеу жұмысымызда философиялық, педагогикалық-психологиялық ғылыми еңбектерге талдау жасай отырып, денсаулық сақтайтын білім беру ортасы үйлесімді дамыған оқушы тұлғасын қалыптастыру үшін өте маңызды екенін тұжырымдаймыз. Осындай орта пайда болған кезде ғана (денсаулық климаты, жоғары мәдениет, жеке жасампаздық) денсаулықты толық сақтау және нығайту, денсаулықты оқыту, денсаулық мәдениетін нығайту, оның рухани-адамгершілік, эстетикалық, физикалық және психикалық дамуы, өзіндік даму мен өзіндік жетілдіру компоненттерін игеру мүмкін болады. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда, бір жағынан, білім беруді модернизациялауға, ал екінші жағынан, мектеп оқушыларының денсаулығының нашарлау үдерісінің жалғасуына байланысты бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайтудың тиімді шаралары қажет болып тұр, себебі жас ұрпақ біздің болашақ Жаңа Қазақстанды құратын іргетасы болып табылады. Сондай-ақ, оқушылардың салауатты өмір салтына деген оң көзқарасын қалыптастыруда мінез-құлық факторлары маңызды орын алады: оқу, еңбек және демалыс режимі, отбасындағы және білім беру ұйымдарындағы қарым-қатынас және т.б., бұл оның өмір сүру жағдайлары мен өмір салтын көрсетеді. «Өмір салты» ұғымының функционалдық құрылымы оқу, еңбек, әлеуметтік, интеллектуалдық (педагогикалық-психологиялық көзқарас, ақыл-ой әрекетінің сипаты), физикалық және медициналық белсенділік сияқты аспектілерден тұрады.