Олимпиадалық білім беруді дамыту мәселесінің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңында «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттерінде: олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту» деп нақты қоғам алдына қойылған міндеттің анықталғандығымен негізделеді.
Мақалада зерттеушілер ғылыми -педагогикалық, арнайы әдебиетті талдау барысында шетелде және Қазақстанда олимпиадалық білім беруді дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін қарастырады. Озық олимпиадалық білім беру тәжірибесі бойынша Беларусь, Украина, Ресей мемлекеттеріндегі жүйелі жұмысты атап өтуге болады.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, құндылықтар жүйесін дамытуда олимпиадалық спорт жоғары дәрежеде тұлғаның үйлесімді дамуына әсер етуі анықталған.
Зерттеуді түйіндей келе, аталмыш мемлекеттерде олимпиадалық білім беру жүйелі сипатта екенін басып айтуға болады, ол жастардың барлық категориясын, мектепке дейінгі баладан жоғары оқу орнының студентін қамтитын тұжырымдамалық амалдарда. Жалпы, олимпиадалық білім беруді ендіру, олимпиадалық идеалдар мен құндылықтарды спорт және дене шынықтырумен айналысатын адамдарға дәріптеу бойынша біршама ақпараттық-насихаттық, ғылыми-зерттеушілік және ұйымдастырушылық жұмыстар негізінде жүргізілуде.