Мақала есту қабілеті нашар адамдардың өздерін жұмыспен қамтуы, ондағы кездесетін кедергілер мен оларды алдын алу жолдарына көмек беретін арнайы факторларды анықтауға бағытталған. Есту қабілеті нашар адамдардың жұмыспен қамтылу мәселесі бүкіл әлем үшін әлеуметтік мәселелердің негізгілерінің бірі болып табылады, себебі нашар еститін адамдардың қоғамнан алшақтамауын немесе оқшаулануға түспеуін жұмыспен қамту арқылы шешуге болады. Жұмыспен қамту саласы ол біліктілік пен білімді талдап етеді, сол себепті тақырыпты ашу барысында тек есту қабілеті төмен адамдардың жұмыспен қамтылу мәселелері ғана қозғалмай, сонымен қатар, оған әсер ететін факторлар ретінде білім беру, кәсіби білім беру саласын дамыту, олардың индивидуалды, коммуникативтік ерекшеліктеріне қарай бейімделетін арнайы бағдарламалардың қажеттілігі және әлемдегі ғылыми зерттеулердің нәтижелері арқалы оған келу мәселелері қарастырылды.
Зерттеу тақырыбы қазақстандық қоғам үшін өзекті және әлі бұл салада арнайы ғылыми зерттеулердің жоқтығы немесе аздығы тақырыпты талқылауда кедергілер келтірді. Алайда, соған қарамастан басқа елдерің мысалында бұл тақырып аясындағы негізгі әсер етуші факторлар мен өзекті мәселелер ашылып көрсетілді.