Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

АДАМНЫҢ СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІГІ МЕН БЕЛГІСІЗДІККЕ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫН АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ РЕТІНДЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ РЕАКТИВТІЛІКТІҢ ЖЫНЫСТЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

Жарияланған June 2023

156

68

КАЗНАЦЖЕНПУ
Тұран университеті
Тұран университеті
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Аңдатпа

Бұл зерттеу респонденттердің жынысына қарай бөлінуіне байланысты эмоционалды реактивтілік деңгейі (жағымды эмоцияларды белсендіру, жағымды эмоциялардың қарқындылығы, жағымсыз эмоциялардың ұзақтығы, жағымсыз эмоциялардың қарқындылығы, жағымды эмоциялардың жалпы реактивтілігі, жағымсыз эмоциялардың жалпы реактивтілігі) және белгісіздікке толеранттылық (мәселенің жаңалығы, мәселенің күрделілігі, мәселенің шешілмеуі) деңгейі бойынша айырмашылығын анықтауға бағытталған. Іріктеме стратификацияланған кездейсоқ әдіспен таңдалған 216 респонденттен (ерлер = 21, әйелдер = 195) тұрды. Осы зерттеу үшін Перттің эмоционалды реактивтілік шкаласының қысқаша түрі  және С.Баднердің белгісіздікке толеранттылық шкаласы қолданылды. Деректер қалыпты түрде таратылды және параметрлік емес талдау қолданылды. Нәтижелер жынысына (ерлер мен әйелдерге) байланысты эмоционалды реактивтілік (жағымды эмоцияларды белсендіру, жағымды эмоциялардың қарқындылығы, жағымсыз эмоциялардың қарқындылығы, жағымды эмоциялардың жалпы реактивтілігі, жағымсыз эмоциялардың жалпы реактивтілігі)  пен белгісіздікке толерантты  (мәселенің жаңалығы, мәселенің күрделілігі, мәселенің шешілмеуі) деңгейінде статистикалық маңызды айырмашылықтарды анықтады. Ал эмоционалды реактивтілік факторы бойынша жынысы бойынша статистикалық  тұрғыдан маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бапаева, М., Бапаева, С., Касымжанова , А., Сержанұлы , Б. і Кулымбаева , А. 2023. АДАМНЫҢ СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІГІ МЕН БЕЛГІСІЗДІККЕ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫН АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ РЕТІНДЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ РЕАКТИВТІЛІКТІҢ ЖЫНЫСТЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 75, 2 (Чер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.75.2.011.