Бұл ғылыми мақалада психомоторлы дамудың – күрделі даму сатысы баяндалып, оның бұзылуына әсер етуші факторлар жан-жақты зерттеліп алынған мәліметтер ұсынылды. Бала дамуына әсер ететін бұзылыстардың бірі сыртқы немесе ішкі жағымсыз фактордың салдарынан орын алатындығы мен бұзылыстардың психомоторлы функциялардың дамуына кедергі келтіру жағдайлары қарастырылған. Күрделі бұзылыстар туындаған жағдайдағы таным процестерінің
нашарлауы мен негізгі анализаторлардың бұзылуы жағдайлары туралы жазылған. Сондай-ақ күрделі бұзылыстардың салдарынан сөйлеу процесі мен қарым-қатынас жағдайларындағы
бұзылыстардың орын алуы, эмоционалды және мінез-құлық ерекшеліктері мен бұзылыстардың
дәлелді мысалдары келтірілді.
Тұқым қуалайтын патология механизмін жан-жақты анықтауға зор мүмкіндік беретін клиникалық, молекулалық, биохимиялық генетика мен цитогенетиканың заманауи жетістіктерінің нәтижесі бойынша алынған мәліметтер талданды
ПСИХОМОТОРЛЫ ДАМУДЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІ
Жарияланған March 2023
168
11
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
психомоторлы даму
хромосомалық аурулар
жетекші бұзылыстар
, күрделі бұзылыстар
ерте диагностикалау
биохимиялық генетика мен цитогенетика
Даун синдромы
қалыптасу ерекшеліктері.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.С. Оспанова, . і Жигитбекова Б.Д, . 2023. ПСИХОМОТОРЛЫ ДАМУДЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 74, 1 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7847.2023.1.74.027.