Бұл ғылыми мақалада психикалық даму мен таным процесі бұзылған ерте жастағы
анамальды балалардың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері туралы жан-жақты
зерттеліп алынған мәліметтер ұсынылды. Бала дамуына әсер ететін бұзылыстардың бірі сыртқы
немесе ішкі жағымсыз фактордың салдарынан болатындығы жан-жақты зерттеліп, әсіресе
хромосомалық бұзылыстар және оларға тән симптомдары қарастырылды. Сондай-ақ олигофрения кезінде ақыл-ойдың дамымауының үш дәрежесі дебильдік, имбецильдік және идиотияның
өзіндік ерекшеліктері, таным процесінің дамуына әсері туралы айтылды. Олигофрения мен
деменцияның ерекшеліктерін қамтитын аурудың түрі Ретта синдромының зерттелу тарихы,
ерекшеліктері мен симптоматикасы, зерттелу барысындағы нақты мысалдары мен сандық
көрсеткіштері берілді.
Тұқым қуалайтын патология механизмін жан-жақты анықтауға зор мүмкіндік беретін
клиникалық, молекулалық, биохимиялық генетика мен цитогенетиканың заманауи жетістіктерінің нәтижесі бойынша алынған мәліметтер талданды.
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ МЕН ТАНЫМ ПРОЦЕСІ БҰЗЫЛҒАН ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Жарияланған March 2023
115
106
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
зерде бұзылысы,
дебильдік,
имбецильдік,
идиотия,
Ретта синдромы,
Даун синдромы
ерте диагностикалау,
биохимиялық генетика,
, цитогенетика,
эхолалия,
психомоторлы даму.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Оспанова, А. 2023. ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ МЕН ТАНЫМ ПРОЦЕСІ БҰЗЫЛҒАН ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 74, 1 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7847.2023.1.74.011.