Бұл мақаланың өзектілігі әртүрлі әдістер, құралдар мен технологияларды қолдана отырып, аутестикалық спектрі (AСБ) бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді дамыту проблемасына ғылыми және тәжірибелік қоғамдастықтың қызығушылығының артуына байланысты. Мақаланың мақсаты - АСБ бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту үшін баламалы коммуникация (пиктограмма) әдістерімен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін теориялық тұрғыдан ашып көрсету. Авторлар AСБ бар мектеп жасына дейінгі балалармен баламалы коммуникация (пиктограмма) арқылы сөйлеуді дамыту бағдарламасын сынақтан өткізді. Бұл зерттеу тарихи, салыстырмалы және жүйелік талдауды қамтитын теориялық талдау негізінде жүргізілді; зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік бөлігі эмпирикалық әдістерді (бақылау, сауалнама, тестілеу) қолдана отырып, эксперименттің үш (анықтаушы, қалыптастырушы және бақылау) кезеңдерімен анықталды. Зерттеу жұмысының нәтижесінде AСБ бар мектеп жасына дейінгі балалар ортамен қарым-қатынасында өзгерістер болғанын көрсетті, бұл тек балама қарым-қатынасқа ғана емес, сонымен қатар сөйлеу қарым-қатынасына да әсер етті. Бұл мақала ғылым саласындағы зерттеушілерге және АСБ бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді дамыту мәселелерімен айналысатын психологтардың да, дефектологтардың да арналған.
БАЛАМАЛЫ КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРАЛДАРЫМЕН AСБ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУ
Жарияланған March 2023
172
106
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
аутизм спектрінің бұзылуы
тіл дамыту
балама байланыс
пиктограммалар
мектепке дейінгі жас
AСБ бар балалар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Berik Matayev , ., Makhmetova, N. і Rakhimzhanova, A. 2023. БАЛАМАЛЫ КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРАЛДАРЫМЕН AСБ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 74, 1 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7847.2023.1.74.001.