Мақалада арнайы медициналық топтардың оқушыларының психологиялық және дене тәрбиесіндегі денсаулық сақтау технологиялары қарастырылған. Тақырыптың өзектілігі қазіргі мектеп жағдайында оқушылардың едәуір бөлігі денсаулығына байланысты, арнайы медициналық топқа тағайындалғанында. Заманауи өмір қарқыны стрессті жиі тудырады, бұл өз кезегінде әртүрлі аурулардың пайда болуына және дамуына ықпал етеді.
Сондықтан балалардың психофизикалық денсаулығын сақтау, жалпы орта білім тұжырымдамасына баса назар аударатын, негізгі білім беру міндеттерінің бірі болып табылады. Арнайы медициналық топтардың оқушыларының психологиялық және дене тәрбиесінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану, студенттерді дене тәрбиесі профилінде оқыту әдістері жүйесіндегі маңызды компонент.
Мақалада оқу үрдісінде жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын енгізудің психологиялық-педагогикалық жүйесі ұсынылған; денсаулықты сақтау, нығайту және қалыптастыру қағидаттары негізделген; теория мен практиканың тығыз байланысы студенттерді өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі дамытуға бағытталған. Оқу үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын енгізу білім сапасын арттыруға көмектеседі. Жүйенің практикалық маңыздылығы оны барлық типтегі оқу орындарының нақты тәжірибесінде қолдануға болатындығы, сонымен қатар, оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға негіз бола алатындығында.