Мақалада студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың шарты ретінде проблемалық-іс-
әрекеттік оқытудың өзекті мәселелері қарастырылады. Аталған оқыту түрінің сәтті жүзеге асырудың
қажетті шарттары көрсетіледі. Бұл студенттерге проблемалық мәселелерді шешу кезінде білімді
саналы меңгеруді қамтамасыз ететін және таным процесінде тұрақты қызығушылықты дамытатын
қанағаттану, эмоционалдық нығайту сезімі пайда болады. Сонымен қатар, проблемалық оқыту
психиканың интеллектуалды, эмоционалдық және ерік саласындағы жаттығудың әсерін арттырады.
Демек, проблемалық мәселелер мен жағдайларды қою және шешу арқылы проблемалық оқыту
шығармашылық сипаттағы зияткерлік процесті модельдейді деп тұжырымдауға болады.
Проблемалық-іс-әрекеттік оқытудың мәнін зерделеу білім алушылардың білімді, дағдыларды,
іскерлікті табысты меңгеруіне және шығармашылық ойлауды қалыптастыруға ықпал ететін сәттерді
бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Әсіресе, адамның танымдық қиындықтармен, проблемамен
қақтығысы кезінде объективті түрде пайда болатын тұлғаның белсенділігін (зияткерлік, ерік және
эмоциялық) дамытудағы проблемалық оқытудың рөлі маңызды
ПРОБЛЕМАЛЫҚ-ІС-ӘРЕКЕТТІК ОҚЫТУ – СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ШАРТЫ
Жарияланған May 2021
94
82
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
шығармашылық ойлау
білім беру
жоғары оқу орны
студент
проблемалық-іс- әрекеттік оқыту
кәсіби тәжірибе
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
С.Р. Кыдырова 1 Л.И. Шалабаева 2Э.А.Айтенова, С.Л.Э. 2021. ПРОБЛЕМАЛЫҚ-ІС-ӘРЕКЕТТІК ОҚЫТУ – СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ШАРТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 64, 3 (Трав 2021), 148–152. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7847.28.