Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

АУТИСТІК СПЕКТР БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ТҰРМЫСТЫҚ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕЕРКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған March 2023

102

358

Аңдатпа

Бұл мақалада аутистік спектр бұзылысы бар балалардың әлеуметтік – тұрмыстық дағдыларының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуге арналды. Зерттеу барысында аутистік спектр бұзылысы бар балалардың әлеуметтік – тұрмыстық дағдыларының сипаты, қалыпты жағдайдағы даму заңдылықтарымен салыстырмалы өзгешелігі, әлеуметтік – тұрмыстық дағдылардың аутистік спектр бұзылысы бар балалардың дамуындағы рөлі қарастырылды.

Аутистік спектр бұзылысы бар балалар – ерекше білімді қажет ететін балалар тобының бірі. Аутистік спектр бұзылысы бар балаларда негізгі бұзылыс ретінде  ерік – жігер саласы қарастырылады.

Әлеуметтік – тұрмыстық дағдылар – әртүрлі әлеуметтік – тұрмыстық жағдайлардағы баланың өзіндік мінез – құлқын ұйымдастыра алу мүмкіндігі.

Әлеуметтік – тұрмыстық дағдылардың жеткілікті деңгейде қалыптасуы балалардың дербестігін, өз бетінше қызмет етуін қамтамасыз ететін дағдылардың жиынтығы. Әлеуметтік – тұрмыстық дағдылардың аутистік спектр бұзылысы бар балалардағы дамуының  зерттелуі Лебединская, К.С., Никольская, О.С., Сорокин А.Б., Зотова М.А., Коровина Н.Ю және т.б еңбектерінде көрініс тапқан болатын. Авторлардың айтуынша аутистік спектр бұзылысы бар балалардың мінез – құлық ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік – тұрмыстық дағдылардың қалыптасу өз жасына сай емес сипатта болады. Тіпті, әлеуметтік – тұрмыстық дағдылардың қалыптасуы орын алғанымен оны өз бетінше қолдануының деңгейінің төмендігі анықталған. Сол себепті, аутистік спектр бұзылысы бар балалардың әлеуметтік – тұрмыстық дағдыларын дамыту мәселелері терең өзектілікке ие.

Мақала барысында шағын эксперименттік зерттеу жұмысы ұйымдастырылып, аутистік спектр бұзылысы бар балалардың әлеуметтік – тұрмыстық дағдыларының ерекшеліктері анықталып, оларды дамыту бойынша ұсыныстар қатары келтірілді.

Кілттік сөздер: аутистік спектр бұзылысы, әлеуметтік – тұрмыстық дағдылар, дербестік, өзіне – өзі қызмет көрсету, дағдылар, гигиеналық дағдылар.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Өмірбек, С. і Бәкірова, Э. 2023. АУТИСТІК СПЕКТР БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ТҰРМЫСТЫҚ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕЕРКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 74, 1 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7847.2023.1.74.017.