Психологиядағы басты мәселелердің бірі балалардың тұлғааралық қатынас біліктерін қалыптастыру, себебі бұл біліктердің болмауы тұлғаның социумда өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі белсендіру процесін қиындатады, конструктивті қарым-қатынас құра алмауға және кіші мектеп оқушысының мінез-құлқында ауытқулардың пайда болуына әкеледі. Психологтар тұлғааралық қарым-қатынас біліктерін қалыптастыру бойынша жұмысты кіші мектеп звенода бастау керектігін баса айтады, өйткені, дәл осы жастық даму кезеңінде тұлғалық сапалардың іргетасы қалыптасады, мінез-құлық нормалары бекиді. Зерттеу жұмысының мақсаты: кіші мектеп оқушыларының тұлғааралық қатынастарын қалыптастыруда арттерапияның мүмкіндіктері мен тиімділігін анықтау болды. Кіші мектеп оқушыларының тұлғааралық қатынастарын арт-терапия құралдары арқылы қалыптастырудың теориялық аспектілері қарастырылды. Топтық арт-терапия жаттығуларынан құрастырылған тиімді бағдарлама бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы кіші мектеп оқушыларының тұлғааралық қатынастарын қалыптастыру мүмкін екендігіне көз жеткізілді. Зерттеу нәтижелері кіші мектеп оқушыларының тұлғааралық қатынастарын дамыту мақсатында арттерапия әдістерін қолдану ерекшеліктері туралы әдебиет көздеріндегі мәліметтерді жалпылауға, жүйелеуге және толықтыруға мүмкіндік береді.
КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН АРТ-ТЕРАПИЯ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған March 2023
144
200
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
кіші мектеп оқушысы
тұлғааралық қатынас
тұлғааралық өзара әрекеттесу
, коммуникативті білік
арт-терапия
социометрия
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Амирбекова, М., Ысқақ, Г. і Абдраманова, Д. 2023. КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН АРТ-ТЕРАПИЯ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 74, 1 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7847.2023.1.74.013.