Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың психологиялық-педагогикалық жағдайы

Жарияланған June 2023

93

32

Филиал Академии государственного управления при Президенте РК по Кызылординской области
Аңдатпа

Қазіргі таңдағы ғылым мен техниканың жетістігі, өзгермелі әлемдегі реформалар және өндірістің әр саласында қызмет тиімділігіне деген қатынастың жаңа сипатқа ие болуы жоо-да болашақ кәсіби мамандарды даярлауға талапты күшейтті. Әсіресе педагогикалық бағыттағы мамандарды кәсіби дайындауда құзыреттілік тұрғыда зерттеуге ерекше назар аударылуда.

            Тәжірибеде "құзыреттілік" ұғымы ғылыми қолданысқа мықтап енген. Білім беру жүйесінде болып жатқан инновациялық үдерістер қандай да бір жолмен жоо-ның практикасына құзыреттілік тәсілді енгізумен байланысты. Сонымен қатар, қазіргі білім беру кеңістігін едәуір байытқан соңғы ғылыми даму "педагогтың кәсіби құзыреттілігі" санаты болды деп айтуға болады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының кәсіби мамандарды даярлау сапасының өлшемі болып табылады. Әсіресе педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігіне қойылатын тұжырымдамалық талаптардың мәні психологиялық қызмет тиімділігін және тұтастай алғанда өмірлік белсенділікті арттыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды кеңейту қажеттілігімен негізделеді. Осы орайда, білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық жағдай  болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың алғы шарттарының бірі болып табылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Аяганова, А., Агбаева, У. і Тұрғазы, А. 2023. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың психологиялық-педагогикалық жағдайы. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 75, 2 (Чер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.75.2.005.