Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Жарияланған March 2023

239

104

КазНПУ им.Абая
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Света

Психология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Фарида

Phd докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қаласы

3 институттың бастығы, "Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты" полковнигі, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ибатуллин Бауыржан

 институттың бастығы, "Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты" полковнигі, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Қазіргі кезде түбегейлі әлеуметтік қайта құрулар адам құрылымының психологиялық жаңа сипатын талап етеді. Бұл жағдай балалардың интеллектісіне негізделген. Зерттеудің мазмұны қазіргі психология ғылымының негізгі тұжырымдарына, балалардың интеллектуалдық даму ерекшеліктеріне негізделген.

      Зерттеу мақсаты: Тұлға құрылымындағы балалардың  интеллектуалдық даму ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу. Интеллект көрсеткіштері арасындағы статистикалық байланысты анықтау.

       Зерттеу әдістері мен әдістемелері

  1. Балалардың ойлау логикасын анықтайтын Дж.Рэвеннің бірте-бірте күрделенуі бар тест.
  2. Дж.Рэвеннің өзгертілген түрдегі «Кілемді жамау» әдісі.
  3. Кіші мектеп жасындағы балалардың нақты дүниедегі функционалдық қатынастарды талдау негізінде жалпылау ерекшеліктерін анықтауға арналған «Жіктеу» әдісі.
  4. Алынған мәліметтерді математикалық және статистикалық өңдеу әдістері – Пирсонның тетрахорикалық корреляция коэффициенті.

      Біздің экспериментте І және ІІІ сыныптағы балалардың интеллектуалдық даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасалды. Қазақ және орыс мектептеріндегі балалардың ақыл-ой  дамуы да зерттелді.

      Интеллектуалды даму ретінде тұлға құрылымының негізгі құрамдас бөліктері арасындағы байланысты қарастыра отырып, интеллектуалды даму зерттелді.

        Қорытындылар:

  - өте төмен және төмен нәтиже көрсеткен балалар үлестіруді маңызды белгілерге емес, сыртқы формаларға немесе функционалдық қатынастарға қарай жіктейді.

- орта деңгейде бала тапсырмаларды орындай алады, оның бастапқы шешімі маңызды белгіге негізделмейді, бірақ экспериментатордың көмегінен кейін олар тапсырманы дұрыс орындайды.

- жоғары және өте жоғары классификациялық ойлау карталарды топтарға жіктеудің жеңіл және жылдам принциптерімен сипатталады. Олар тапсырмаларды орындау кезінде олардың негізгі функциялары мен маңызды белгілеріне негізделеді.

- бастауыш сынып оқушыларының тапсырмаларды орындаудағы қиындықтары бөлу карталарының ерекшеліктерінің негізгі сыртқы белгілерінің болмауымен тікелей байланысты. Бұл тапсырма үлкендердің көмегімен дұрыс шешіледі.

- бірінші сынып оқушыларының қателіктері жіктеудің бір түрінен екіншісіне, яғни жалпылау принципінен функционалдық қатынас принципіне өтудің күрделілігімен сипатталады.

      Зейін мен қабылдаудың дифференциациясы логикалық ойлау тұрғысынан жеткілікті дамымаған. Бұл тапсырмаларды орындауда қиындықтар туғызды.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Лимашева, Л., Бердибаева , С., Сахиева, Ф. і Ибатуллин, Б. 2023. ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 74, 1 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7847.2023.1.74.008.