Қазіргі уақытта гиперактивтілік мәселесі ерекше алаңдаушылық тудыруда, өйткені олардың саны жылдан жылға артуда. Зерттеулерге сүйенсек, балалардың 20% -да гиперактивті бұзылыстар байқалады. Сондықтан да ұсынылып отырылған мақала бүгінгі таңдағы өзекті проблема - гиперактивті, назар жетіспеуші бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін психотерапия түрлері, ерекшелігі тұжырымдалған. Авторлар денелік – бағдарлы психотерапияның түрлі тенденциялары мен психологиялық - интеграциялық бағыттарына жан-жақты сипаттама бере отырып, ерекшеліктерін айқындаған. Әлеуметтік-психологиялық тренингтерде белсенді қолданыс тауып жүрген психогимнастикалық жаттығулардың ролі ашылған. Соның ішінде гиперактивтілік пен назар жетіспеушілік синдромы бар балалар үшін релаксациялық жаттығуларды қолдану маңыздылығы мен тиімділігі көрсетілген. Зерттеу қорытындысына сүйене отырып, гиперактивтілік пен назар жетіспеушілік синдромы бар балалардың түрлі қиындықтарды жеңуі үшін жүйелі түрде арнайы психотерапиялық көмек ұйымдастырылуы қажеттілігі, басшылыққа алынатын принциптар, әдістер сипатталған.
ГИПЕРАКТИВТІ, НАЗАР ЖЕТІСПЕУШІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОТЕРАПИЯ ТҮРЛЕРІ, ЕРЕКШЕЛІГІ
Жарияланған February 2023
100
95
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
гиперактивті
назар жетіспеушілік
бастауыш сынып оқушылары
психотерапия
жоғары компенсаторлық мүмкіншілік
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Г.М., Г. , З. У., А. , А.Б., С. і Б.К., В. 2023. ГИПЕРАКТИВТІ, НАЗАР ЖЕТІСПЕУШІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОТЕРАПИЯ ТҮРЛЕРІ, ЕРЕКШЕЛІГІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 73, 4 (Лют 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/9361.2022.88.82.025.