Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІНДІК БАҒАЛАУЫНА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ӘСЕРІ

Жарияланған February 2023

157

285

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Нұрмүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті
Аңдатпа

Бұл мақалада жеткіншек балалардың өзін-өзі бағалауына отбасылық қарым-қатынастың әсерлері қарастырылған. Қазіргі уақытта жасөспірімнің өзін-өзі бағалауына көбірек көңіл бөлінуде, ал ата-ана тәрбиесі жасөспірімнің өзін-өзі бағалауына әсер етеді. Ата-аналар баланың алғашқы әлеуметтік ортасы болып табылады және олар көптеген жеке қасиеттердің қалыптасуы, мысалы, жеке автономия, қауіпсіздік сезімі, сондай-ақ өзін-өзі бағалаудың қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. Зерттеудің мақсаты - жасөспірім шақтағы тәрбие стилінің өзін-өзі бағалауға әсерін зерттеу. Ал міндеттері: ата-ана тәрбие стильдерінің өзін-өзі бағалауға әсер ету ерекшеліктері бойынша әдеби дереккөздерді талдау.Жеткіншек кезіндегі өзін-өзі бағалау деңгейін зерттеу. Отбасылардың ерекшеліктері мен түрлерін зерттеу және жасөспірімдердегі өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері мен факторларын анықтау, сонымен қатар жасөспірім кезіндегі ата-ана стилінің өзін-өзі бағалауға әсер ету ерекшеліктерін қарастыру. Осы мақалада зерттеу әдістемелерінің бірі психикалық жағдайдың өзін-өзі бағалауын диагностикалау әдісі - Г.Айзенк методикасы көрсетілген. Зерттеудің практикалық маңыздылығы - ата-аналарға, жасөспірімдерге арналған нұсқаулықтар жасалды. Сондай-ақ өзін-өзі бағалауды арттыру бойынша жасөспірімдермен сабақтар өткізу мүмкіндігі бойынша педагогтарға арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Кілттік сөздер: жасөспірім, отбасы, өзін-өзі бағалау.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Дайрабай, Н., Жұбаназарова, .Н. і Төлегенова, А. 2023. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІНДІК БАҒАЛАУЫНА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 73, 4 (Лют 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/6740.2022.80.23.015.