Мақалада Алматы қаласының «№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ жанындағы балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі психологиялық орталық базасында әзірленген және қолданылатын суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды психологиялық сүйемелдеу моделін іске асыру тәжірибесі қарастырылады. Модель оқушылардың психоэмоционалдық жай-күйін диагностикалауды, психокоррекциялық бағдарламаларды жүргізуді, отбасыларға консультация беруді және нәтижелерге жүйелі мониторингті қамтитын дәйекті іс-шаралар жүйесіне құрылады. Медициналық ұйымдардың, бiлiм беру мекемелерi мен әлеуметтiк қызметтердiң ведомствоаралық өзара iс-қимылына елеулi көңiл бөлiнедi. Алынған нәтижелер тәуекел тобындағы жасөспірімдер арасындағы алаңдаушылық деңгейінің төмендеуін, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігінің артуын көрсетеді және енгізілген модельдің медициналық, психологиялық және әлеуметтік нәтижелілігін растайды.
Зерттеудің мақсаты Алматы қаласындағы № 3 қалалық емхананың Алдын алу орталығында сыналған суицидтік мінез-құлық қаупі бар жасөспірімдерді психологиялық сүйемелдеу моделінің негізгі элементтерін оның маңыздылығы мен бейімделу перспективаларын негіздей отырып талдау және жүйелеу болып табылады.
Зерттеу әдістері: Филлипстің мектеп алаңдаушылығын диагностикалау әдістемесі және Бектің алаңдаушылық шкаласы (BAI) қолданылды. Тестілеу топтық және жеке нысанда өткізілді. Деректерді өңдеу SPSS Statistics v.27 бағдарламасын пайдалану арқылы жүзеге асырылды, сипаттамалық статистика әдістері, жиілікті талдау, сондай-ақ орташа мәндерді, стандартты ауытқулар мен пайыздық көрсеткіштерді есептеу қолданылды. Модельді сипаттау және бағалау үшін оның мазмұнын, ұйымдастырылуын және практикалық нәтижелерін кешенді қарауға мүмкіндік беретін кейс-талдау және құрылымдық-функционалдық талдау әдісі қолданылды.

