Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

«Танымға деген қажеттілік шкаласының» қазақ тілді нұсқасын бейімдеу

Жарияланған June 2026

5

0

Әл-Фараби атныдағы ҚазҰУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гулнур Борбасова

PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

e-mail: gulnur840401gmail.com

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Камзанова Алтынгуль

PhD докторы, доцент

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Манзура Жолдасова

PhD докторы, доцент

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Альмира Кустубаева

биология ғылымдарының кандидаты, профессор

Аңдатпа

Бұл мақала Джон Качиоппо мен Ричард Петтидің «Танымға деген қажеттілік шкаласын» (The Need for Cognition Scale; NCS) қазақ тіліне бейімдеу және оның валидтілігі мен сенімділігін бағалауға арналған. Зерттеуге Алматы қаласының 17–55 жас аралығындағы 187 тұрғыны қатысты. Қазақ тілді іріктеу тобына қатыстыру критерийі – қатысушының орта мектепті қай тілде аяқтағаны. Ғылыми зерттеу жүргізу үшін әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің жергілікті этикалық комитетінен ресми рұқсат алынды. Зерттеудің негізгі мақсаты – «Танымға деген қажеттілік шкаласының» қазақ тіліндегі нұсқасын жергілікті популяцияға бейімдеу және алынған мәліметтерді психофизиологиялық зерттеулер барысында, соның ішінде ми құрылымының дамуы мен қартаюы, когнитивтік функциялар және генетикалық маркерлер арасындағы байланыстарды талдауда қолдану.

Сауалнама деректерін өңдеу IBM SPSS 23 бағдарламасында жүргізілді. Альфа‑Кронбах коэффициенті есептеліп, ішкі үйлесімділік пен валидтілік көрсеткіштері талданды. Зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі NCS нұсқасының ішкі келісімділік деңгейі қолайлы екенін көрсетті. Алынған альфа‑Кронбах коэффициентінің мәні шкаланы әрі қарай ғылыми зерттеулерде қолдануға мүмкіндік береді.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Борбасова, Г., Камзанова , А., Жолдасова, М. і Кустубаева , А. 2026. «Танымға деген қажеттілік шкаласының» қазақ тілді нұсқасын бейімдеу. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 23–35. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.002.