Соңғы онжылдықтарда жеткіншектердің девиантты мінез-құлыққа қатысуы артты, алдыңғы зерттеушілер бұл құбылыстарға әсер етуі мүмкін әртүрлі айнымалыларды анықтаған болатын. Бұл зерттеудің мақсаты девиантты мінез-құлық предикторларын және оның отбасына қанағаттанушылығымен және тұлғалық ерекшеліктермен байланысын анықтау. Зерттеу Алматы қаласындағы мектептерден 12 мен 17 жас аралығындағы 227 адаммен жүргізілді. Зерттеуде Санчес және т.б. девиантты мінез-құлықтың әртүрлілік шкаласы (DBVS) қолданылды. Ол Жеткіншектер арасындағы ұрлық, есірткі мен алкогольді қолдану, вербалды және физикалық агрессия, вандализм, сабақтан қашу, өтірік айту және беделді адамдарға бағынбау сияқты әртүрлі девиантты мінез-құлық бойынша 19 тармақтан тұрады. 227 қатысушының 82% девиантты мінез-құлық шкаласы критерийлеріне сәйкес келді. Зерттеуді талдау үшін статистикалық көрсеткіштер сипаттамасы, регрессиялық талдау, Пирсон корреляциясы және Манна-Уитни критерийі сияқты сипаттамалық және қорытынды статистика пайдаланылды. Зерттеу девиантты мінез-құлықтың жыныстық айырмашылықтарын анықтады. Нәтижелер әйел респонденттер жеңіл девиантты мінез-құлық бұзылыстарына бейімділігі жоғары, ерлер девиантты мінез-құлық бұзылыстарының ауыр түрлеріне бейім екендігін көрсетті. Сонымен қатар, отбасына қанағаттанушылық пен девиантты мінез-құлық арасында теріс (кері) байланыс анықталды. Және, тұлғалық ерекшелік ретіндегі ақкөңілділік, жеткіншектердегі девиантты мінез-құлықтың ең маңызды предикторы екені анықталды.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
девиантты мінез-құлық
жеткіншектік шақ
предикторлар
отбасымен қанағаттану
тұлғалық ерекшеліктер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бейсенова, Ж., Мурзабаева, М., Жукова, Т., Кашенева, Р., Бисенова, А. і Утепбергенова, З. 2026. ЖЕТКІНШЕКТІК ШАҚТАҒЫ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ПРЕДИКТОРЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 88, 3 (Вер 2026), 170–183. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.88.3.013.

