Пандемия бүкіл әлемдегі адамдардың әлеуметтік, экономикалық және психологиялық жағдайына теріс әсер етеді. Сондықтан студенттердің қиындықтарды еңсеріп, оқытудың жаңа жағдайларына бейімделуі маңызды. Осыған байланысты мақалада психологиялық қауіпсіздік, теориялар мен ерекшеліктер нақтыланып, талданады. Автордың психологиялық қауіпсіздік туралы пікірлері негізделген.
Бас проблеманың ағымдағы жай-күйін жан-жақты сипаттайтын, сондай-ақ түйінді үрдістерді, бағыттар мен перспективаларды айқындайтын ғылыми әдебиеттерді іріктеу, талдау, жүйелеу және қисынды қорыту, теориялық материалдар мен ақпаратты талдамалық және синтетикалық түсіндіру нәтижесінде алынған ақпаратты шоғырландыруға негізделген.
Мақалада мета-ресурстардың деңгейін шартты түрде көтеру қарастырылады, бұл психологиялық қауіпсіздігі жоғары адамға психологиялық денсаулықты сақтау үшін өзін бақытты сезінуге мүмкіндік береді.
Мақала студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен педагог-психологтарға, психологтарға арналған.