Қазақстан Республикасының білім жүйесін дамытудағы басым бағыттардың бірі инклюзивті білім беру болып табылады. Мақалада осы мәселе туралы ой қозғалып, елімізде инклюзивті білім берудің қалыптасу кезеңдері, нормативтік құқықтық актілер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердегі негізгі ұғымдар, терминдер және сөз тіркестердің мазмұндық ерекшеліктері қарастырылған.
Мониторингтік зерттеу жұмыстарының негізінде инклюзивті білім берудің республикамыздағы жағдайы мен алатын орны, статистикалық мәліметтер кесте және диаграммалар түрінде ұсынылып отыр. Жасалған мониторингтік зерттеулер мен сауалнамалар нәтижелеріне сәйкес инклюзивті білім беру жағдайын бағалаудың бірыңғай критерийлерін әзірлеу қажеттігі көтерілді.
Мақалада шетелдік және отандық ғалым-әдіскерлердің еңбектеріне талдаулар жасау арқылы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағымды жағдай құра отырып, оқытуды жүзеге асыру қағидалары сипатталған. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру процесін бағалау білім беру ұйымы деңгейінде инклюзияны жобалау құралы болып табылатыны айтылған. Инклюзияның әр елде әртүрлі кезеңдерде, әрқалай, елдердің экономикалық даму деңгейіне және инклюзивті процестің көпфакторлығына байланысты іске асырылғаны қарастырылған.