Мақалада жеткіншектерге патриоттық тәрбие берудің маңызы айтылып, ұлттық сана-сезім, ұлтқа деген жанашырлық - патриоттық тәрбиенің, саналы азаматты тәрбиелеудің негізі екені қарастырылады. «Патриотизм» ұғымына қатысты ғалымдардың философиялық, педагогикалық және психологиялық анықтамаларына сүйене отырып, патриотизм және қазақстандық патриотизм ұғымдарының мәнін бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерделенеді. Оның ішінде патриотизмнің мәні мен атқаратын рөлі, жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесін зерттеген отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар мен психологтардың еңбектері талданып, жеткіншектік кезеңінің психофизиологиялық ерекшеліктері айқындалған. Түрлі зерттеу жұмысында патриотизм ұғымын қабылдау және түсіндіру әртүрлі жолдармен жүзеге асыру болғандықтан, оларды шартты түрде бірнеше бағытқа бөліп көрсетілген. Тарихи руханияттылық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, саяси құқықтық тәрбие, өз елінің асыл құндылықтарын құрметтеушілік тәрбие, адамгершілік-гуманистік идеалды тәрбие, мемлекеттік-конституциялық құндылықтар негізіндегі тәрбие туралы түсінік берілген. Патриоттық тәрбие беруде жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы, сонымен қатар қазақстандық патриотизм кез келген тұлғаның бойында өзінің ұлтына, дініне қарамастан Қазақстан азаматы өзін осы елдің баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп санағанда ғана қалыптасатындығы баяндалған.
Мақала Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қаржыландырған «Ұлттық құндылықтар негізінде жеткіншектердің қазақстандық патриотизмін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» университет ішілік жоба аясында алынған зерттеулер нәтижелеріне негізделген. Абай атындағы ҚазҰПУ университетінің басшылығына алғысымызды білдіреміз.