БҰҰ Балалар қорының есебіне сәйкес, соңғы жылдары жастар мен балалар арасында өзін-өзі өлтіру әрекеттері мен аяқталған суицидтер саны айтарлықтай өсті. Жасөспірімдердің өзін-өзі өлтіруі өлімнің негізгі себептері арасында үшінші және адам өлімінің негізгі себептері арасында төртінші орында.
Бұл мақалада эмоционалды интеллекттің жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқына әсері және жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын-алуда эмоционалды зияткерлікті арттырудың маңызы қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін, жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын тудыратын факторларды зерттеу болды. Дамымаған эмоционалды интеллект жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға әкелетін негізгі факторлардың бірі болып саналады. Зерттеуге Түркістан қалалық дами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 20 мектептің 8,9,10 сынып оқушылары қатысты (N=793).
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, эмоционалды интеллект деңгейі төмен жасөспірімдер көбінесе суицидтік мінез-құлыққа ұшырайды.