Бүгінгі еңбек нарығында өзінің жұмысын тиімді жоспарлай білетін, алған білімін кәсіби қызметте ұтымды қолдана алатын, түпкілікті нәтижеге жету үшін әртүрлі санаттағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната алатын жоғары білікті маман сұранысқа ие болып отыр. Осыған орай кәсіби білім беру үрдісі де өзгеріп, маман даярлаудың мақсаты мен мазмұнын, нәтижесін айқындауда құзыреттілік тәсілдеме жетекші парадигмаға айналды. Оның басты міндеті – болашақ маманды сапалы білім, білік, дағдылармен қамтамасыз етумен қатар, кәсіби-тұлғалық дамуына жағдайлар жасау, яғни кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
Мақалада педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық аспектілері қарастырылған. Автор құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік ұғымдарына берілген анықтамаларға талдау жасаумен қатар, педагог-психолог қызметінің ерекшеліктерін зерделеп, соның негізінде, болашақ педагог-психолог маманның кәсіби құзыреттілігі ұғымының мәні мен мазмұнын нақтылаған. Нәтижесінде педагог-психологтың кәсiби құзыреттiлiгiнiң құрылымына когнитивтi (психологиялық-педaгогикaлық бiлiм); iс-әрекеттiк (кәсiби функционaлдық мiндеттерiн орындaуғa қaжеттi ептiлiктер мен іскерліктер) және тұлғaлық компоненттер (тұлғaның кәсiби мaңызды қaсиеттерi және кәсiби бaғыттылығы) кіріктірілген. Ал олардың қалыптасу көрсеткіштері былайша тұжырымдалған: кәсiби бiлiмнiң толықтығы және әрекеттiлiгi; кәсiби мәселелердi өз бетiнше шешу мүмкiндiгi, коммуникaтивтiк және ұйымдaстырушылық қaбiлеттер; кәсiби уәждеме және кәсiби мaңызды қaсиеттер.
Түйін сөздер: құзыреттілік; кәсіби құзыреттілік; педагог-психолог; психологиялық-педагогикалық қызмет; кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттер.