ЮНЕСКО инклюзивті білім беруге барлығына сапалы және қолжетімді білім беруді қарастыратын феномен ретінде анықтама берген. Бұнда басты іргетас әр білім алушыны оның жеке ерекшеліктерін есепке алып қабылдау саналады. Ол гумманизмге, интеллект пен физикалық және психологиялық үрдістерін, балалардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға негізделеді. Инклюзивті білім беруді оңтайлы жүзеге асыру педагогтардың жағымды қарым- қатынастары мен өздерінің іс - әрекетін жүзеге асыруға кәсіби- тұлғалық дайындығына байланысты. Инклюзивті білім берудің міндеті ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды олардың жеке, жасерекшелік, білім беру ерекшеліктеріне орай оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруды божап, ол педагогтардың өзінің кәсіби -тұлғалық дамуына дайындығы мен кәсібилігінің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Көптеген ғалымдар инклюзивті білім беру сферасындағы педагогтардың құзіреттілігінің жеткіліксіздігін көрсетіп, оларды психологиялық кедергілер мен кәсіби құзіреттіліктің жеткіліксіздігімен байланыстырады. Осыған орай инклюзивті білім жағдайында болашақ мамандардың кәсіби - тұлғалық дайындығын құрылымында олардың психологиялық және кәсіби дайындығын т.б қалыптастыру маңызды. Мақалада инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға болашақ педагогтардың кәсіби -тұлғалық дайындық мәселесі қарастырылған.
А ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ - ТҰЛҒАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ: ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ - ТҰЛҒАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ
Жарияланған June 2022
113
75
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
инклюзивті білім беру, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, кәсіби -тұлғалық дайындық.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Kudarinova, A. 2022. А ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ - ТҰЛҒАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ: ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ - ТҰЛҒАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 70, 1 (Чер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7847.30.