Мақала қоғамның қай кезеңінде де өз өзектілігін жоймай, жылдан жылға ерекше мән мен назарға ие болып келе жатқан мәселе - жасөспірімдер мінез-құлқы тәрбиесі. Авторлар зерттеу жұмысында қазіргі жасөспірімдердегі агрессивтіліктің көрінісін ашып, оның туындау себебіне үңіліп, оны терең зерттеуге тырысқан. Агрессивтілік эмоционалды даму мен әл-ауқатқа, тұлғаның қалыптасуына, адамның психикалық денсаулығына айтарлықтай әсер ететіндігін баса көрсете келе, балалар қылмысының өсуі, агрессивтіліктің әртүрлі көріністеріне, балалар субмәдениеті мен отбасындағы қатыгездікке байланысты өткір болып отырғандығын тұжырымдайды. Алғашқы анықтау эксперименті барысында агрессивтілік деңгейін анықтау мақсатында "Hand-тест" және "Басс-Дарки сауалнамасын" негізге ала отырып, «агрессивтілік» пен «агрессия» ұғымдарының мәнін ашып, анықтамасын нақтылауға талпыныс жасалған. Жасөспірімнің агрессивтілігінің дамуына темпераменттің қозғыштығы мен эмоцияның күші сияқты табиғи ерекшеліктері әсер ететіндігін және ол өз кезегінде ашушаңдық, күйгеліктік, өзін ұстай білмеу сияқты қасиеттердің қалыптасуына себепші болатындығын баса көрсетеді. Авторлар агрессивтіліктің белгілері мен қасиеттерінің түп тамыры қоршаған ортадағы қиындықтарға тәуелділігін және тікелей отбасы тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің әсерінен деген қорытынды жасалады.
ҚАЗІРГІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ АГРЕССИВТІЛІКТІҢ КӨРІНІСІН ЗЕРТТЕУ
Жарияланған December 2021
167
134
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
қазіргі жасөспірім, агрессивтілік, агрессия, мінез-құлық, эмоция, мотив, ашу-ыза, ашушаңдық
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Садуахасова, А. і Адильшинова , З. 2021. ҚАЗІРГІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ АГРЕССИВТІЛІКТІҢ КӨРІНІСІН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 69, 4 (Груд 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7847.08.