Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЭМОЦИОНАЛДЫҚ СФЕРА КӨРІНІСІНІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған December 2021

165

207

КазНПУ им Абая
Аңдатпа

Эмоционалдық сфера көрінісінің гендерлік ерекшеліктерін  зерттеу мақсатында жеткіншектік жас кезеңіндегі екі топқа зерттеу жүргізілді. Зерттеуге 11-ден 15-жас аралығындағы 30 сыналушы қатысты. Оларға эмоционалдылықты анықтау әдістері Е.П.Ильиннің «Эмоционалдық сипаттамалар»  тесті және К. Изардтың  «Дифференциалды эмоциялар шкаласы»  ұсынылды. 

Эксперименталды топқа 12-15 жастағы 15 ер бала және 11-14-жастағы 15 қыз бала қатысты. Сыналушылардың  орта жасы - 13, 5 жас.

       Біз зерттеу барысында  ер бала мен  қыз балада эмоционалдықтың көріну ерекшелігін анықтадық.

 Келесі жорамалдарды дәлелдеуге  тырыстық.

1.Қыз балада жалпы эмоционалдық деңгейі аса жоғары: ал ер балада жалпы эмоцоналдық деңгейі тым төмен.

  1. Қыз балада эмоционалдықтың психомоторлық және коммуникативтік түрлері, ал ер балада эмоционалдықтың зияткерлік сияқты түрі басымдылыққа ие.

3.Қыздарда эмоционалдық қозғыштық, эмоцияның іс-әрекеттің тиімділігіне жағымсыз әсер етуі сияқты эмоционалдық қасиеттер, ал ер балада ұзақтық сияқты эмоционалдық қасиеттер басымырақ.

Осы мәселені  анықтау мақсатында  тәжірибе жүргіздік. Тәжірибе  эмоционалдықтың  түрін анықтауға, ситуативтік эмоционалдық күйді анықтауға бағытталды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жигитбекова, Б. 2021. ЭМОЦИОНАЛДЫҚ СФЕРА КӨРІНІСІНІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 68, 3 (Груд 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7847.13.