Тұлғаның қайраттану процесі мен психологиялық капиталдың өзара шарттастығын анықтау зерттеу зерттеу мақсаты болды. Тұлғаның өмірлік қайраттану қасиеті – сыртқы қысымға қарамастан тіршіліктегі оқиғаларды жаңа мүмкіндіктерге, тәжірибеге айналдырудың негізгі ресурсы ретінде қарастырылады. Психологиялық капитал салыстырмалы түрде жаңадан қолданысқа енген үғым. Ол тұлға бойындағы жалпы ресурстық күйін білдіреді және оның тіршіліктегі жетістіктерін, әлеуетін бағалауға мүмкіндік беретін қасиет ретінде тұжырымдалады. Мақалада тұлғаның өмірлік қайраттану мен психологиялық капиталдың шетелдік және отандық психологиядағы теориялар және ондағы ұқсас түсініктер мен құбылыстардың өзара байланысы; олардың өзара тәуелділіктегі негізгі компоненттерін, сипаттамалық ерекшеліктері мен негізгі белгілері талданды. Тұлғалық қайраттану мен психологиялық капитал қасиеттеріне теориялық талдау және эксперименттік зерттеу деректеріне қорытынды берілді. Эксперименттік зерттеуге 19-25 жас аралығындағы тұлғалар қамтылды (N=35). Зерттеу барысында 2 әдістеме қолданылды: «Өмірлік қайраттану» тесті (С. Мадди) және «Психологиялық капитал» тесті (Ф.Лутанс). Зерттеу мәліметтері бойынша өмірлік қайраттану мен психологиялық капитал компоненттерінің арасында өзара шарттастықтың негізі болатын мынадай ерекше белгілер – «белсенділік» пен «өзіндік тиімділік» арасындағы өзара байланыс, «белсенділік» пен «оптимисттік» арасындағы өзара байланыс, «бақылау» мен «өзіндік бағалау» арасындағы өзара байланыс, «тәуекелді қабылдау» мен «өзіндік бағалау» арасындағы өзара байланыстың болғандығы анықталды.
ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІРЛІК ҚАЙРАТТАНУЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ӨЗАРА ШАРТТАСТЫҒЫ
Жарияланған December 2021
148
139
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тұрсынбек, А., Khamit, Z. і Yermentayeva, A. 2021. ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІРЛІК ҚАЙРАТТАНУЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ӨЗАРА ШАРТТАСТЫҒЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 68, 3 (Груд 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7847.14.