Мақалада проактивті копинг көздерін зерттеу нәтижелері ұсынылады. Бүгінгі күні проактивті копинг – қазақстандық психологиялық-педагогикалық әдебиетіндегі жаңа термин. Оны болашақта кездесетіні мүмкін стрессорлардың алдын алуға бағытталған копинг деп атауға болады. Проактивты копинг ықтимал стресстерді болжауға және мүмкін болатын проблемалық жағдайды анықтау және оны белсенді түрде шешу үшін ресурстарды алдын ала жинауға мақсаттанады. Зерттеліп отырған проблема бойынша әдебиеттерді аналитикалық шолу проактивті копинг ықтимал қатерді тануға және оны жою стратегиясын жоспарлауға мүмкіндік беретін белгілі бір сыртқы жағдайлардың және диспозициялық сипаттамалардың болуымен байланысты екенін анықтады. Академиялық копинг көздерін жіктеу мен түсінудегі түсініссіздік орын алуына байланысты зерттеушілер назары студентке оқу іс-әрекетінде туындайтын стрессті жеңуге көмектесетін ситуациялық және тұлғалық параметрлерді іздеуге бағытталды. Академиялық күйзеліспен белсенді күресу рефлексивті, мотивациялық-еріктік, танымдық, аффективті және коммуникативті ресурстармен қамтамасыз етілетіні анықталды.
АКАДЕМИЯЛЫҚ СТРЕСТІ ЖЕНУДІҢ ПРОАКТИВТІ КӨЗДЕРІ
Жарияланған September 2021
152
189
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Umurkulova, M., Сабирова, Р. і Сланбекова, Г. 2021. АКАДЕМИЯЛЫҚ СТРЕСТІ ЖЕНУДІҢ ПРОАКТИВТІ КӨЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 68, 3 (Вер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7847.21.