Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ИССЛЕДОВАНИЕ ПОДРОСТКОВОГО ЧУВСТВА ОДИНОЧЕСТВА ОДНА ИЗ МЕР ПРОФИЛАКТИКИ СУИЦИДА: СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

Жарияланған December 2021

162

238

МКТУ им. Х.А.Ясави
Аңдатпа

Жасөспірімдер арасыздағы суицидтік мінез-құлық қазіргі уақытта жаһандық проблемаға айналып отыр.  Баланың өзіне қол жұмсауы - қайғылы жағдай. Әрбір осындай жағдай өмірден қорқу өлім қорқынышынан күштірек болып тұр.  Жасөсіпірмдердің арасындағы суицидке барудың факторлары көп, соның ішінде педагог, психолог, ата-аналардың көп назар аудара бермейтін себептің бірі – баланың өзін жалғыз сезінуі, қол ұшын созатын, көмек беретін, мәселені шешуде жол сілтейтін, жанын түсінетін адамның қасында болмауы. Бұл жаста оларға айналасындағылардың (әсіресе құрдастарының) қолдауы, түсінуі өте қажет. Осы мәселеге арналған зерттеулер біздің елде жоқтың қасы. Баланың өзін жалғыз сезіну мәселесіне мектеп, отбасы аса зер салмайтыны да анықталып отыр. 

Зерттеудің мақсаты - жасөспірімдер арасындағы суицидтің себептерінің бірі жалғыздық болуы мүмкін екенін, оны зерттеу және алдын алудың маңыздылығын негіздеу.

Жасөспірім кезіндегі жалғыздықтың ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеуде Д.Рaccелл мен М.Фергюcонның «Жaлғыздықтың cубъективті cезімінің деңгейін диaгноcтикaлaу» әдіcін қолданған, сонымен қатар зерттеу нәтижелерін жіті тaлдaнған.

Оcы caуaлнaмaмен қaтaр авторлар оқушылaрдан жaлғыздықтың cебептерін білу және cол aрқылы өзін жaлғыз cезінетіндерге көмектеcу үшін бірқaтaр cұрaқтaр беріп, жaуaп алған. Осындай зерттеулердің нәтижесінде олар жacөcпірімдердің көпшілігі белгілі бір дәрежеде жaлғыздықты бacтaн кешіретіндігін, бұл жәйт олaрдың әрқaйcыcынa белгілі бір оң немеcе теріc жaғынaн әcер ететігін анықтаған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: мектеп психологтары, педагогтар мен сынып жетекшілеріне жасөспірімдердің жалғыздық сезімдерін зерделеу және алдын алу үшін тиімді әдістеме мен сауалнамалар ұсынылады.

Жасөспірімдік шақта жалғыздық жағдайы өте айқын көрініс табады. Бұл жағдай сол жасқа тән әлеуметтік қажеттіліктің артуымен байланыстыруға болады. Түсініксіздік, рухани оқшаулану, меланхолия, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, адамдардың жақындығы – жасөсіпірім үшін ауыр және стресстік жалғыздыққа әкеледі. Ал бұл проблеманың дер кезінде алдын алмаса ауыр, орны толмас қайғыға душар етуі әбден мүмкін.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бактыбаева, К. 2021. ИССЛЕДОВАНИЕ ПОДРОСТКОВОГО ЧУВСТВА ОДИНОЧЕСТВА ОДНА ИЗ МЕР ПРОФИЛАКТИКИ СУИЦИДА: СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 68, 3 (Груд 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7847.09.