Эмоционалды интеллект ұғымының екіұшты болуы зерттеушілер үшін модель нұсқалары мен диагностикалық құралдарды таңдаудың қиын дилеммасын тудырады. Осы себепті эмоционалды интеллектінің классикалық модельдеріне үлкен қызығушылық артады. Эмоционалды интеллектінің әртүрлі модельдері оларды жүйелеу қажеттілігін туғызады. Қабілет модельдері мен аралас модельдер қарастыру үшін ең лайықты болып табылады. Зерттелетін мәселелер бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды.
Зерттеудің жаңалығы-эмоционалды интеллект модельдерінің әртүрлілігі, эмоцияларды реттеу және басқару туралы ғылыми идеялар кеңееді. Практикалық маңыздылығы: бұл зерттеу қолданыстағы әдебиеттерді толықтырады, эмоционалды интеллектінің классикалық модельдерінің рөлін теория мен практика үшін ықтимал маңызы тұрғысынан көрсетеді.