Танымдық процестер сияқты, психикалық күйлер де нейрофизиологиялық негіздемеге сай, функциялардың ұзақтығы, сапалық сипаттамасымен, негізділігімен және өзін-өзі реттеу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, көптеген зерттеушілер психикалық дамудың барлық кезеңдерінде психиканың осы аспектілерінің динамикалық өзара байланысы мен өзара ықпалдастығында кездесетін бірлігін атап кетті. Таным процестері мен эмоционалды күйдің тығыз байланысы таным үрдістерінің эмоционалды реңдішігі мен зейіннің таңдамалылығымен көрініс беретін, субъектінің біржақтылығымен айқындалады. Осылай, психикалық күй мен когнитивті үрдістердің ара қатынасын зерттеудің методологиялық негізі әрекеттесудің теориялық моделі бола алады.
Бұл ғылыми мақалада психологияда когнитивті және эмоционалды компоненттердің арақатынасының зерттеліну жағдайы келтірілгіен. Бүгіңгі таңды бұл бағытта арнайы жүргізілген жұмыстар жоқтың қасы. Дегенмен, ғалымдардың еңбектерін талдай келе, бұл бағыттағы көзқарастар жинақталып, жүйеленді.