Мақалада икемді дағдылар санатына жататын оқудың жекедара стильдерін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Зерттеу ойлау қасиеттерінің жекедара стильдері және білім беру бағдарламаларының табысты игеруі арасындағы байланысты анықтау мақсатында жүргізілді. Зерттеуге медициналық және көпсалалы университеттерінің талапкерлері мен студенттері қатысты. Оқу стилі мен білім беру бағдарламасын игеру тиімділігі арасында байланыс бар екендігі анықталды. Студентердің таңдаған стильдер арасындағы айырмашылықтар мектепті бітіру орнына және оқыту тіліне байланысты екені анықталды. Медициналық университет студенттерінде оқу барысында тиімсіз когнитивтік стильдер тиімді ойлау әдістеріне ауысатыны анықталды. Зерттеу нәтижелері мектеп түлектерінің жоғары оқу орнында оқуға дайындығы жөнінде мәселені көтереді. Мақала талапкерлерді жоғары оқу орындарына дейінгі даярлаудың және жоғары оқу орындарына іріктеу тетіктерін жетілдірудің маңыздылығына баса назар аударады.
Қазақстанның медициналық және көпсалалы университеттері үлгісінде студенттердің конвергентті оқу дағдыларын дамыту қажеттілігін психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеу
Жарияланған December 2021
238
141
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Риклефс В.П., Умуркулова М.М., Букеева А.С., Риклефс В.В., . 2021. Қазақстанның медициналық және көпсалалы университеттері үлгісінде студенттердің конвергентті оқу дағдыларын дамыту қажеттілігін психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеу. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 68, 3 (Груд 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7847.19.