Мақалада психологиялық тренингте қолданылатын негізгі әдістер сөз болады. Терапиялық процестің тиімділігінің ерекше механизмдері және психотерапиялық әдісті қолдану ерекшеліктері айтылады.Клиенттің өмірін жағымды үрдісте өзгертуге бағытталған көзқарастар, мақсатқа бағытталған процестер мәселесі қарастырылады. Топтық тренинг әдістерінің мәселелеріне И.В.Вачковтың еңбектерінде терең және жан-жақты талдау беріледі. Тренингте қолданылатын жұмыстардың негізгі тәсілдері жөнінде жалпы түсінік сызбасы бейнеленген.Әдістердің мәселесін психологиялық тәжірибе құрамында талқылауда мамандар ешбір психологиялық әдіс әлеуметтік мәселелерді шеше алмайтындығына назар аударады. Нақты айтқанда, екі түрдегі субъектілер - жеке және топтыққа бағытталғандар болатындығы ескеріледі. Бұдан, тренингтік әдістерді жеке қатысушыларға бағытталған және жалпы топпен жұмысқа ұйғаруға бағытталғандар деп жіктеу мүмкін екендігіне талдау жасайды.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Топтық пікірталас
тренингтік әдіс
топтық жұмыс
жеке және топтық психотерапия
топтық динамика
психотерапиялық топтар.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Б.Д.Жигитбекова ¹ , Серикбай М ¹, . 2020. ТОПТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕНТИФИКАЦИЯ ФАКТОРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 65, 4 (Груд 2020), 196–201. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7847.38.