Мақалада жасөспірімдердің ауытқуының әлеуметтік алдын алу мәселелері, өзіндік сананың өзгеру себептері қарастырылған. Зерттеу субъектісінің жеке сипаттамаларын ескере отырып, "деликвент", "алдын-алу шаралары" ұғымдары нақтыланды. Деликвентті мінез-құлыққа сипаттама берілді, және оның құрылымының компоненттері ашылды.
Әлеуметтік жұмыста іс-шаралар алғашқы, екінші және үшінші профилактика шеңберінде жүзеге асырылатыны қарастырылды. Сонымен қатар, мінез-құлықтағы құқық бұзушылық пайда болуының бірнеше әлеуметтік факторларын анықтауға мүмкіндік туды: отбасында және жасөспірімнің жақын ортасында тәрбие алуы; жасөспірімнің ортасы, мінез-құлық стереотиптерінің жастар ортасына енуі; биологиялық факторлар және тағы басқасы.
Жасөспірімдердің ауытқуының әлеуметтік алдын-алу мәселелері, жасөспірімнің өзіндік санасының өзгеру себептері, алдын-алу шаралары мен жеке түзету жұмыстарының жалпы принциптері қарастырылды. Деликвентті мінез-құлықты жасөспірімдермен тиімді жұмыс жасаудың негізгі шарттары талданады.