Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЖАС ОФИЦЕРЛЕРДІҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған May 2021

136

139

Аңдатпа

Мақалада жас офицерлерді кәсіби ынталандыру мәселелері қарастырылған. Зерттеу субъектісінің кәсіби және жеке сипаттамаларын ескере отырып, "мотивация", "кәсіби мотива-ция" ұғымдары нақтыланды. Офицердің тұлғалық құрылымындағы кәсібиліктің функциялары ашылды. Кәсіби мотивацияға сипаттама берілді, оның құрылымының компоненттері ашылды.

Жас офицерлер мен дәл сол жастағы әскери емес, азаматтық кәсіп иелерінің тұлғалық ерекшеліктері, яғни, мотивация, өзін-өзі өзектендіру (самоактуализация) және өмірге төзімділік көрсеткіштері салыстырылды. Ол үшін келесі әдістер қолданылды: «Доминантты мотивация» әдіснамасы; «Өзін-өзі өзектендіру» және «Өмірге төзімділік» тесттері.

Жас мамандардың қызметіне олардың кәсіби мотивациясы үлкен әсерін тигізетіні нақты-ланды. Сонымен қатар, мотивтердің белгілі бір жиынтығы бар  кәсіби өмір жолын бастаған жас мамандар ғана кәсіби әрекетін тиімді жүзеге асырып, алдында тұрған кәсіби мәселелерін шешіп, функционалдық міндеттерін ойдағыдай орындай алатынын көрсетті.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Г.Б. , А.Д. , Г.Н. 1, А.Т. 1 2021. ЖАС ОФИЦЕРЛЕРДІҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 66, 1 (Трав 2021), 13–21. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7847.02.