Мақалада инклюзивті сыныпта ағылшын тілі сабағын ұйымдастыру кезінде байқалатын психологиялық қиындықтар талданады. Зерттеу 10–12 жастағы 24 оқушының сабақтағы белсенділігіне, тілдік мазасыздығына, өзін-өзі бағалауына және мұғалім қолдауын қабылдауына бағытталды. Теориялық бөлімде инклюзивті білім беру, жұмыс жады, аффективті фильтр, тілдік мазасыздық және оқу мотивациясы жөніндегі ғылыми көзқарастар қарастырылды. Эмпирикалық бөлімде бақылау, қысқартылған сауалнама және педагогикалық эксперимент материалдары пайдаланылды. Нәтижелер ауызша сөйлеу кезінде қысылу 54,1%, жаңа сөздерді есте сақтаудағы қиындық 45,8% деңгейінде көрінгенін көрсетті. Төрт апта бойы позитивті кері байланыс, сараланған тапсырмалар және шағын топтық жұмыс қолданылғаннан кейін оқушылардың сабаққа қатысуы біршама белсенді болды, ал тілдік мазасыздық төмендеді. Зерттеу нәтижесі ағылшын тілін оқытуда әдістемелік тәсілмен қатар оқушының эмоциялық қауіпсіздігі, қателікке деген көзқарас және мұғалімнің қолдау стилі маңызды екенін аңғартады.
Инклюзивті білім беру жағдайында ағылшын тілі сабағын ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері
Жарияланған September 2026
11
6
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
психологиялық ерекшеліктер
мотивация
тілдік мазасыздық
саралап оқыту
психологиялық қолдау
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жігітбекова, Б. і Али, Н. 2026. Инклюзивті білім беру жағдайында ағылшын тілі сабағын ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 88, 3 (Вер 2026), 232–244. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.88.3.018.

