Мақалада студенттердің жоғарғы оқу орнындағы оқу іс-әрекетін оңтайлы ұйымдастырудың зейін қасиеттерін дамытумен байланыстылығы теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерделенді. Зерттеу мақсаты зейіннің психологиялық қасиеттерін теориялық талдай отырып, студенттер зейінінің негізгі зияткерік қасиеттерін анықтау және соның негізінде когнитивтік дамыту болып табылады. Зейіннің негізгі қасиеттері ретінде оның ұзақ мерзімдік тұрақтылығы, бір мәселеге шоғырлана алуы, ауысу шапшаңдығы мен көлемі талданып, зерттелді.
Бастапқыда зейін ұғымының анықтамасы беріліп, қазіргі білім алушы жастардың зейінін дамыту мәселесі қарастырылды, өзектілігі айқындалды. Теориялық бөлімде зейінге қатысты ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамаларды зерделеп, жүйелеу мақсатында, ғылыми әдебиеттерге талдау жасалды. Зейін қасиеттерінің сызбалық жіктелуі көрсетілді. Сондай-ақ, ЖОО студенттеріндегі зейін сияқты маңызды психологиялық танымдық процестің ерекшеліктері жан-жақты талданды.
Эмпирикалық зерттеу Алматы қаласының екі жоғарғы оқу орындарында 3-4 курстың студенттеріне жүргізілді. Барлығы 240 адамна тұратын таңдама тобы бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Диагностикалық зерттеуде Бурдон-Анисимов тесті, Шульте кестелері, сондай-ақ Рюффе сынағы қолданылды. Зейіннің қасиеттерін дамытуға бағытталған зияткерлік тапсырмалар мен жаттығулар, психологиялық тренингтер кешені тек эксперименттік топ зерттелушілеріне жүргізілген болатын. Қалыптастырушы эксперимент нәтижелері эксперименттік топта зейіннің бірқатар қасиеттерінің елеулі өсімін көрсетті. Бұл оқу тапсырмаларын орындау сапасын жақсартуға ықпал етті.
Зерттеу соңында жоғарғы білім беру жүйесінде оқу іс-әрекетін тиімді ету үшін студенттердің зейінін мақсатты түрде дамыту қажеттілігі жөнінде қорытынды жасалды.

