Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Студенттердің әлеуметтік интеллекті мен стресске төзімділігінің өзара байланысы

Жарияланған June 2026

3

0

Абай атындағы ҚазҰПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Нургайша Кудушева

PhD, аға оқытушы

«Alikhan Bokeikhan University», Семей қаласы, Қазақстан Республикасы.
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Махаббат Базарбаева

Базарбаева Махаббат Саятқызы- оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, Педагогика және психология кафедрасы, «Alikhan Bokeikhan University», Семей қаласы, Қазақстан Республикасы.                                             E-mail: mahabbatbazarbaeva755@gmail.com                                                                                                   ORCID ID: https://orcid.org/0009-0009-4711-2142

Alikhan Bokeikhan University
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гульнара Болсынбекова

Болсынбекова Гульнара Абылхаковна- аға оқытушысы, 6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Бизнес және басқару кафедрасы, Alikhan Bokeikhan University, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы.

Email: bolsynbekovag@mail.ru

ORCID: https://orcid.org/0000-0002-8925-3041

 

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Әлия Төлегенова

Төлегенова Әлия Аманғалиқызы – қауымдастырылған профессор, PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ., Қазақстан.

E-mail: aliyatts@mail.ru

Әл-Фараби атныдағы ҚазҰУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Назираш Жубаназарова

Жубаназарова Назираш Сулейменовна – жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

zhubanazarova@mail.ru

ORCID:https://orcid.org/0000-0002-2275-5952

Аңдатпа

Мақалада университет студенттері арасында әлеуметтік интеллект пен стресске төзімділік арасындағы өзара байланыс қарастырылады. Зерттеуде әлеуметтік интеллект пен стресске төзімділік ұғымдарына теориялық тәсілдер талданады, олардың психологиялық сипаттамалары анықталады және олардың өзара байланысы туралы эмпирикалық нәтижелер талқыланады. Зерттеудің мақсаты – университет студенттері арасында әлеуметтік интеллект пен стресске төзімділік арасындағы байланысты эмпирикалық тұрғыдан зерттеу. Зерттеу нәтижелері бойынша студенттерде әлеуметтік интеллекттің орташа және ортадан жоғары деңгейі басым екені анықталды. Стресске төзімділік көрсеткіштері негізінен орташа деңгейде байқалғанымен, студенттердің бір бөлігінде жоғары стресс реактивтілігі мен эмоционалдық тұрақсыздық белгілері анықталды. Копинг-стратегиялар құрылымында проблеманы шешуге бағытталған тәсілдер басым болып, эмоцияға бағытталған және қашқақтау стратегиялары орташа деңгейде көрініс тапты.

Корреляциялық талдау нәтижелері әлеуметтік интеллект пен стресске төзімділік арасында статистикалық мәнді оң байланыс бар екенін көрсетті (r ≈ 0,45–0,60; p < 0, 01). Сонымен қатар әлеуметтік интеллект пен проблеманы шешуге бағытталған копинг-стратегиялар арасында оң байланыс, ал эмоцияға бағытталған және қашқақтау стратегияларымен теріс байланыс анықталды. Стресске төзімділік те тиімді копинг-стратегиялармен оң, ал қашқақтау мінез-құлқымен теріс корреляция көрсетті.

Зерттеу нәтижелері әлеуметтік интеллекттің студенттердің стресс жағдайларына бейімделуінде маңызды психологиялық ресурс екенін дәлелдейді. Ол эмоционалдық реттелуді, әлеуметтік қолдауды пайдалануды және конструктивті копинг-стратегияларды қолдануды қамтамасыз етеді. Ал төмен әлеуметтік интеллект деңгейі стресс реактивтілігінің жоғарылауымен және бейімделмеген мінез-құлық стратегияларының жиі қолданылуымен сипатталады. Осылайша, алынған нәтижелер зерттеу болжамын толық растайды және әлеуметтік интеллекттің студенттердің стресске төзімділігін арттырудағы маңызды рөлін көрсетеді.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кудушева, Н., Базарбаева, М., Болсынбекова , Г. , Төлегенова, Ә. і Жубаназарова, Н. 2026. Студенттердің әлеуметтік интеллекті мен стресске төзімділігінің өзара байланысы. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 279–288. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.024.