Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Цифрландыру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының жаңа оқыту формаларына психологиялық бейімделуі

Жарияланған June 2026

5

0

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Тогжан Урматова

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының магистр, аға оқытушы

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Камила Султанова

 

Султанова Камила Асыкбаевна - – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының магистр, аға  оқытушысы

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Сандугаш Есенова

Есенова Сандугаш Рахимжановна – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының магистр оқытушысы

https://orcid.org/0009-0001-5752-795X

sandugash-e@mail.ru

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Алия Сулейменова

Сулейменова Алия Ануарбековна - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының п.ғ.к., аға оқытушысы.

suleimenova68a@mail.ru

https://orcid.org/0009-0001-9697-5608 

Орталық Азия инновациялық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Айгерім Әбдез

Әбдез Айгерім Әріпжанқызы - Орталық Азия инновациялық университеті «Бастапқы әскери дайындық және денешынықтыру» кафедрасының аға оқытушы, магистр

Аңдатпа

Қазіргі білім беру жүйесінің цифрландырылуы жағдайында бастауыш сынып оқушыларының жаңа оқыту формаларына психологиялық бейімделуі өзекті ғылыми мәселе болып табылады. Қашықтықтан және аралас оқыту жағдайында оқу әрекетінің құрылымы, танымдық жүктеме және әлеуметтік өзара әрекеттесу ерекшеліктері өзгереді, бұл оқушылардың эмоционалдық жағдайына, оқу мотивациясына және мінез-құлқына әсер етеді.

Зерттеудің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының цифрлық білім беру ортасына психологиялық бейімделу ерекшеліктерін анықтау және оған әсер ететін факторларды айқындау. Зерттеу барысында психодиагностикалық әдістер (Филлипстің мектептік мазасыздық шкаласы, Н.Г. Лусканованың оқу мотивациясын анықтау әдістемесі), сауалнама, бақылау және статистикалық талдау (Пирсон корреляциясы, Стьюденттің t-критерийі) қолданылды. Зерттеу базасы – 2–4 сынып оқушылары (n=86).

Цифрлық сауаттылық пен оқу мотивациясы арасында статистикалық маңызды байланыс анықталды (r=0,61; p<0,05), бұл мотивацияның бастауыш сынып оқушыларының цифрлық оқыту формаларына сәтті психологиялық бейімделу процесінде делдал рөлін атқаратынын көрсетеді.

Цифрлық білім беру жағдайында жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, цифрлық сауаттылық пен оқу мотивациясы арасында оң байланыс бар, бұл бастауыш сынып оқушыларының цифрлық оқыту формаларына сәтті психологиялық бейімделуінде мотивацияның маңызды рөл атқаратынын айқындайды. Зерттеу қорытындысы бойынша, цифрлық оқыту жағдайында оқушыларға жүйелі психолого-педагогикалық қолдау көрсету қажеттігі анықталды.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Урматова, Т., Султанова , К. , Есенова, С., Сулейменова, А. і Әбдез , А. 2026. Цифрландыру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының жаңа оқыту формаларына психологиялық бейімделуі . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 172–181. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.015.