Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОР РЕТІНДЕ ӨМІРШЕҢДІКТІ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІНЕ

Жарияланған March 2026

7

10

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Айгуль Лиясова

Психология ғылымдарының магистрі, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының докторанты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Забира Мадалиева

Психология ғылымдарының докторы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Шынар Закарьянова

психология ғылымдарының кандидаты, философия кафедрасының аға оқытушысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гульмира Қасен

Педагогика ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аңдатпа

Цифрландырумен қызметке қойылатын талаптардың жоғарылауымен қатар жүретін жоғары білім берудің трансформациясы жағдайында жоғары оқу орындары оқытушыларының психологиялық денсаулығы мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Осыған байланысты педагогтардың психологиялық тұрақтылығы мен кәсіби әл-ауқатын қолдайтын тұлғалық ресурс ретінде өміршеңдікті зерттеу ерекше маңызға ие. Бұл зерттеудің мақсаты жоғары оқу орындары оқытушыларының өміршеңдігінің деңгейі мен құрылымын талдау, және оның әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктер тұрғысынан психологиялық денсаулық факторы ретінде айқындай болып табылады. Әдістері. Зерттеу кросс-секциялық дизайн негізінде сандқ әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Деректер Google Forms платформасында онлайн сауалнама арқылы жиналды. Зерттеуге 18 бен 73 жас аралығындағы 483 университет оқытушылары қатысты. Тұрақтылықты бағалау үшін С.Маддидің бейімделген әдісі қолданылды. Деректер сипаттамалық статистиканы, Кронбахтың ішкі сәйкестік коэффициентін, параметрлік және параметрлік емес салыстырмалы талдау әдістерін қолдана отырып өңделді. Статистикалық маңыздылық деңгейі p < 0,05-ке тең деп қабылданды. Зерттеу нәтижелері мұғалімдердің көпшілігінің өміршеңдігі орташа деңгейде екенін көрсетті. Ең жоғарғы деңгейде қатысушылық компаненті болса, ал тәуекелге дайындық ең аз деңгейде байқалады. Өміршеңдік деңгейінде және оның компоненттерінде гендерлік айырмашылықтар анықталған жоқ, бірақ жеке компоненттерде жас айырмашылықтары анықталды, бұл интегралды индикатордың салыстырмалы тұрақтылығымен кәсіби қалыптасудың әртүрлі кезеңдеріндегі өміршеңдік құрылымының өзгергіштігін көрсетеді. Ғылыми жаңалық-қазіргі жағдайда жоғары оқу орындары оқытушыларының өміршеңдігінің құрылымдық және жас ерекшеліктерін анықтау. Практикалық маңыздылығы білім беру ортасындағы өзгерістерге бейімделуді, субъективті бақылауды дамытуға бағытталған психологиялық қолдау және күйзелістің алдын алу бағдарламаларын әзірлеу кезінде алынған нәтижелерді қолдану мүмкіндігімен анықталады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Liyassova, A., Madaliyeva, .Z. , Zakaryanova, S. і Kassen, G. 2026. УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОР РЕТІНДЕ ӨМІРШЕҢДІКТІ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІНЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 86, 1 (Бер 2026), 72–81. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.86.1.007.