Мақалада тұлғаның қабылдауы мен психологиялық əл-ауқатына Барнум эффектісінің
ықпалы қарастырылады. Барнум эффектісі адамның өзіне бағытталған жалпыланған жəне нақты
емес сипаттамаларды жеке басына дəл сəйкес келеді деп қабылдау бейімділігін білдіреді. Зерттеудің мақсаты – Барнум эффектісінің тұлғаның өзін-өзі қабылдауына, «Мен»
тұжырымдамасына жəне психологиялық əл-ауқат көрсеткіштеріне ықпалын теориялық жəне
эмпирикалық тұрғыдан талдау. Зерттеуге Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алатын
20–22 жас аралығындағы 70 студент қатысты. Зерттеу барысында К. Риффтің «Психологиялық
əл-ауқат шкаласы» əдістемесі қолданылды. Нəтижелер студенттердің өзін-өзі қабылдау,
тұлғалық өсу, автономия, өмірлік мақсаттар жəне қоршаған ортаны басқару көрсеткіштері
бойынша салыстырмалы түрде жоғары деңгейге ие екенін көрсетті. Сонымен қатар, тұлғаның
өзін қабылдау ерекшеліктері мен психологиялық əл-ауқаты арасында өзара байланыс бар екендігі
анықталды. Барнум эффектісі адамның өзі туралы ақпаратты қабылдауына əсер етіп, тұлғалық
бағалаулардың қалыптасуына ықпал ететіні дəлелденді. Зерттеу нəтижелері тұлғаның
психологиялық əл-ауқатын сақтау мен нығайтуда сыни ойлау дағдыларын дамыту жəне өзіндік
рефлексияны жетілдірудің маңыздылығын көрсетеді.
Тұлғаның қабылдауы мен психологиялық әл-ауқатына Барнум эффектісінің әсері : The influence of the Barnum effect on the perception and psychological well-being of the individual
Жарияланған June 2026
4
1
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
тұлғаны қабылдау
Барнум эффектісі
психологиялық әл-ауқат
өзін-өзі қабылдау
«Мен» тұжырымдамасы
тұлғалық өсу
студент жастар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Омашева, Т. і Мандыкаева , А. 2026. Тұлғаның қабылдауы мен психологиялық әл-ауқатына Барнум эффектісінің әсері : The influence of the Barnum effect on the perception and psychological well-being of the individual . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 44–52. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.004.

