Бұл мақалада әскери қызметкерлердің зейінділігін арттырудың психологиялық негізі ретінде резильенттілікті дамыту мәселесі жан-жақты қарастырылады. Қазіргі әскери қызмет жағдайында жоғары психоэмоционалдық жүктеме, тұрақты стресс, экстремалды және жауапкершілігі жоғары кәсіби міндеттер зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлану деңгейінің төмендеуіне елеулі әсер етеді. Осыған байланысты резильенттілік тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде зейінді тиімді басқаруды, стресс жағдайында когнитивтік процестердің тұрақты жұмыс істеуін және психологиялық тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз ететін жетекші факторлардың бірі ретінде айқындалады. Зерттеу барысында резильенттілік пен зейін арасындағы өзара байланыс теориялық тұрғыдан негізделіп, эмпирикалық деректер арқылы дәлелденді. Алынған нәтижелер әскери қызметкерлердің кәсіби тиімділігін арттыруға бағытталған психологиялық дайындық, психологиялық сүйемелдеу және алдын алу бағдарламаларын жетілдіруде қолдануға ұсынылады. Зерттеу қорытындылары негізінде әскери қызметкерлердің резильенттілігі мен зейінділігін дамытуға бағытталған практикалық ұсыныстар әзірленді.

