Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛУДОМАНИЯНЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ БҰЗЫЛЫС РЕТІНДЕ КЛИНИКО-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ КОНТЕКСТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДАН ТҮСІНДІРУ

Жарияланған March 2026

9

4

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ермек Бөрібаев

заң ғылымдарының докторы, профессор Басқарма төрағасы – Жетісу университетінің ҰАО ректоры. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,

Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті, Беларусь.
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Natalia Drozdova

Дроздова Наталья Валерьевна – кандидат психологических наук, доцент, директор Института психологии, Белорусский государственный педагогический университет имени Максима Танка, Беларусь.

##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Надежда Жиенбаева

Жиенбаева Надежда Бисенкызы – доктор психологических наук, профессор, профессор-исследователь кафедры специальной педагогики, Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Алматы, Казахстан. E-mail: zh_nadejda@mail.ru

##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Нұргүл Суюндыкова

Суюндыкова Нургуль Молдабайкызы – PhD докторант кафедры общей и прикладной психологии, Казахский национальный педагогический университет имени Абая; старший преподаватель Департамента социальных наук, SDU University, Казахстан. E-mail: nsuyundykova@abaiuniversity.edu.kz

Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ольга Тапалова

Тапалова Ольга Бисеновна – хат-хабар авторы,  психология ғылымдарының докторы, доцент, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор-ғылыми қызметкері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан. E-mail: o.tapalova@abaiuniversity.edu.kz

Аңдатпа

Қазіргі клиникалық-психологиялық және диагностикалық жіктемелерде лудомания мінез-құлықтық бұзылыс ретінде қарастырылғанымен, қоғамдық және институционалдық санада бұл бұзылыс моральдық әлсіздік, әлеуметтік ауытқу немесе құқық бұзушылық тұрғысынан әркелкі интерпретациялануын жалғастыруда. Зерттеудің мақсаты -  Қазақстанның клинико-психологиялық және институционалдық контекстінде лудоманияны мінез-құлықтық бұзылыс ретінде әлеуметтік түсініктер тұрғысынан талдау, ойынға тәуелді тұлғалардың отбасы мүшелері, практикалық психологтар және құқық қорғау органдары өкілдерінің көзқарастарын салыстырмалы түрде қарастыру. Зерттеу сапалық пәнаралық дизайн аясында жүргізіліп, жартылай құрылымданған тереңдетілген сұхбаттар (n = 34) және ойынға тәуелді тұлғалардың туыстарына жүргізілген сауалнама (n = 22) деректерін қамтыды. Деректер тақырыптық талдау әдісімен, салыстырмалы тәсіл және дереккөздерді триангуляциялау арқылы талданды. Нәтижелер лудоманияға қатысты әлеуметтік түсініктердің айқын фрагменттелген сипатын көрсетеді. Психологтар лудоманияны өзін-өзі реттеудің бұзылуы мен эмоциялық дисфункциямен байланысты клинико-психологиялық бұзылыс ретінде қарастырса, құқық қорғау органдары оның әлеуметтік және құқықтық салдарларына басымдық береді, ал отбасы мүшелері моральдық-нормативтік және экзистенциалдық интерпретацияларға бейім. Аталған айырмашылықтар лудоманияны ерте анықтауды және психологиялық көмекке қолжетімділікті шектейтін институционалдық кедергілерді қалыптастырады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы стигматизацияны төмендетуге және отбасы, психологиялық қызметтер мен құқықтық институттар арасындағы өзара үйлесімділікті күшейтуге бағытталған, сондай-ақ клиникалық, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық аспектілерді және Қазақстанның әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескеретін лудоманияның алдын алу мен көмек көрсетудің интегративті пәнаралық моделін әзірлеу қажеттілігін негіздеуде көрініс табады.

PDF (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бурибаев, Е. , Дроздова, Н., Жиенбаева, Н., Суюндыкова , Н. і Тапалова, О. 2026. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛУДОМАНИЯНЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ БҰЗЫЛЫС РЕТІНДЕ КЛИНИКО-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ КОНТЕКСТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДАН ТҮСІНДІРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 86, 1 (Бер 2026), 228–241. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.86.1.022.