Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ СТРЕСС ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУШІЛЕРІ

Жарияланған March 2026

10

7

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Нурлан Таджимуратов

Таджимуратов Нурлан Рысханович-магистр, докторант кафедры общей педагогики и психологии, Южно-Казахстанский университет имени Мухтара Ауезова, Шымкент, Казахстан, ORCID iD: 0009-0003-3029-1590  ,

email: nurlan_kz.90@mail.ru

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Книсарина Малика

 

Книсарина Малика Максатовна – PhD, қауымдастырылған профессор, психология кафедрасының профессоры, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе, Қазақстан, ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-7350-1768 ,

email: malikaukubaeva82@gmail.com

 

Мирас университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Мольдир Сулейменова

 

Сулейменова Мольдир Турсынбековна - биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Мирас университеті, Жаратылыстану, дене шынықтыру және дизайн секторы, Шымкент қ., Қазақстан, Сапақ Датқа, 2, 160012, e-mail: suleymenova@miras.edu.kz , https://orcid.org/0000-0002-1525-6

 

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Әйгерім Сейсембек

Сейсембек Әйгерім Бауржанқызы- магистр, оқытушы, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан, ORCID id: 0009-0000-2018-8192, e-mail: aikowa_98_65@mail.ru

 

 

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі жоғары білім беру жүйесінің цифрлануы жағдайында студенттердің психоэмоционалдық жүктемесінің артуымен және олардың стресске төзімділігін дамыту қажеттілігімен айқындалады. Цифрлық білім беру ортасы оқу мүмкіндіктерін кеңейтумен қатар, студенттердің өзін-өзі реттеу, эмоциялық тұрақтылық және бейімделу қабілеттеріне қойылатын талаптарды күшейтеді.

Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік, тұлғалық-іс-әрекеттік және реттеушілік тәсілдер, Р. Лазарустың транзакциялық стресс теориясы, В.И. Моросанованың саналы өзін-өзі реттеу тұжырымдамасы және С. Хобфоллдың ресурстарды сақтау теориясы құрады. Зерттеуге М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 80 студент қатысты. Диагностикалық құралдар ретінде стресске төзімділігін, мазасыздықты, өзін-өзі реттеуді және копинг-стратегияларды бағалауға бағытталған валидті психодиагностикалық әдістемелер қолданылды. Қалыптастырушы эксперимент барысында цифрлық психоағартушылық модульдер, онлайн өзін-өзі реттеу тренингтері және рефлексивтік тапсырмалар енгізілді.

Эксперимент нәтижелері эксперименттік топта стресске төзімділік деңгейінің статистикалық тұрғыдан мәнді жоғарылағанын (p ≤ 0,05), ситуативтік мазасыздықтың төмендегенін және бейімделгіш копинг-стратегиялардың артқанын көрсетті. Бұл стресске төзімділігінің мақсатты түрде дамытылатын динамикалық тұлғалық қасиет екенін дәлелдейді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы студенттердің стресске төзімділігін реттейтін психологиялық реттеушілерді анықтаумен және цифрлық білім беру ортасының дамытушы әлеуетін негіздеумен сипатталады. Практикалық маңыздылығы ұсынылған әдістемені Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының психологиялық қызметінде қолдану мүмкіндігімен айқындалады.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Таджимуратов, Н., Малика , К., Сулейменова, М. і Сейсембек, Ә. 2026. ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ СТРЕСС ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУШІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 86, 1 (Бер 2026), 92–101. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.86.1.009.