Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТЕРМИНАНТТАРЫ

Жарияланған March 2026

3

4

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Аңдатпа

Бұл мақалада инклюзивті білім беру процесінде педагогтердың эмоционалдық

тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын мəселелер мен мүмкіндіктері

қарастырылған. Зерттеудің мақсаты инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердың

эмоционалдық тұрақтылығының қалыптасуын айқындайтын қауіп факторлары мен қорғаныс

тетіктерін анықтауға бағытталған. Зерттеу əдістері: ғылыми əдебиеттерді талдау,

эмпирикалық бақылаулар, инклюзивті білім беруге қатысатын педагогтерға сауалнама

жүргізу жəне тестілеу, деректерді жинау мен өңдеудің сапалық жəне сандық əдістері жəне

корреляциялық байланыстарды анықтау. Нəтижесінде ең маңызды сыртқы, ішкі жəне

ұйымдастырушылық факторлар анықталды. Қорғаныс механизмдері ретінде өзін-өзі реттеу

технологиялары, тəжірибе алмасу мүмкіндігі, біліктілікті арттыру, белсенді өмір салты, көмек

сұрауға дайын болу айқындалды. Тестілеу нəтижелері инклюзивті білім беру жағдайында

жұмыс істейтін педагогтердың эмоционалдық тұрақтылық деңгейлерінің əртүрлілігін

растайды, олардың басым бөлігі стресске төзімділіктің орташа деңгейімен сипатталады.

Алынған деректер инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтерда кəсіби

қажу қаупі бар деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Корреляциялық талдау деректері

аталған факторлардың педагогтердың эмоционалдық əл-ауқатына жəне кəсіби қажу əсерін

көрсетеді. Инклюзивті білім берумен айналысатын педагогтерға жоғарыда аталған қауіп факторларының əсерін азайту үшін практикалық ұсынымдар əзірленді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Матаев, Б., Бисембаева , Н. , Сарсембаева , Э. і Сатынская , А. 2026. ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТЕРМИНАНТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 86, 1 (Бер 2026), 367–384. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.86.1.034.