Бұл мақалада адамның сигналдық жүйелерінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістері зерттеледі. Сыналушылардың когнитивтік және психомоторлық қабілеттері (метафоризация, бейнелілікпен қабылдау, символизация, вербализация, абстракциялау, рефлексия және қолмен жұмыс дағдылары) салыстырылып, статистикалық талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері сигналдық жүйелердің негізгі көрсеткіштері жас ерекшеліктеріне айтарлықтай тәуелді емес екенін көрсетті. Сонымен қатар, вербализация мен рефлексия қабілеттерінің жас ұлғайған сайын жақсаратыны, ал символизация мен абстракциялау көрсеткіштері төмендеуі мүмкін екендігі анықталды. Статистикалық талдау үшін Манна-Уитни U-тесті қолданылды. Зерттеу барысында Э.Ф. Зеер, А.М. Павлова, Н.О. Садовникова авторлығымен ұсынылған «Сигналдық жүйелер құрылымын диагностикалау» әдістемесі қолданылды. Бұл нәтижелер когнитивтік процестерді тереңірек түсінуге және білім беру мен психологиялық тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
СИГНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРІСТЕРІ: КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ПСИХОМОТОРЛЫҚ ТАЛДАУ
Жарияланған March 2026
25
17
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Сигналдық жүйелер
когнитивтік процестер
психомоторлық қабілеттер
жас ерекшеліктері
статистикалық талдау
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бапаева, С., Ысқақ, Г. , Ермекбаева, Л., Арганчиева , Д. і Бегалиева, Н. 2026. СИГНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРІСТЕРІ: КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ПСИХОМОТОРЛЫҚ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 86, 1 (Бер 2026), 176–185. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.86.1.017.

