Зерттеудің мақсаты болашақ психологтарды білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау үшін А.Құнанбаев тұжырымдамасы негізінде интегративті ертегі терапиясын (ИЕТ) іске асыруға дайындау мәселесі болып табылады. Зерттеудің өзектілігі ИЕТ мазмұнындағы психологиялық, филологиялық және өнертану әдістерін біріктіре отырып, пәнаралық тәсілдеме негізінде анықталады. Зерттеу аясында Абай Құнанбаевтың «Толық адам» тұжырымдамасы философиялық-аксиологиялық негізде ИЕТ технологиясын құрудың идеологиялық бағыты ретінде қарастырылады. Зерттеуде білім алушының жеке басының қалыптасуы мен дамуы процесінде ұлттық мәдени кодтарды, архетиптер мен белгілерді тиімді пайдалану қажеттілігі теориялық тұрғыдан негізделген. Зерттеуде ИЕТ жүйесінің психологиялық, филологиялық және өнертану аспектілері жан-жақты қарастырылады, жеке тұлғаны тәрбиелеу және психологиялық қолдау бойынша ертегі жанрының мүмкіндіктері сипатталады. Сонымен қатар, студенттерді цифрлық білім беру кеңістігіне бейімделген ИЕТ қолдануға дайындау тәсілдемелерін зерделеу қажеттілігі атап өтіледі. Мақалада әр тәсілдің мақсаты, мазмұны және кәсіби-педагогикалық маңызы көрсетілген. Сонымен қатар, студенттердің ИЕТ қолдануға психологиялық-педагогикалық дайындық процесіне сипаттама беріледі, студенттердің ИЕТ қолдануға дайындығының маңызды сипаттамасы тұжырымдалады.
БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГТАРДЫ А. ҚҰНАНБАЕВ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ НЕГІЗІНЕДЕ ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫНА ДАЙЫНДАУ
Жарияланған September 2025
26
18
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
ИЕТ (интегративті ертегі терапиясы)
дайындау
дайындықтың компоненттері
ертегі терапиясы
тұлғаның тұтастығы
тәсілдемелер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ахметова, А., Ишанханкызы, А., Мурзакова, А. і Абилдаева, Г. 2025. БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГТАРДЫ А. ҚҰНАНБАЕВ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ НЕГІЗІНЕДЕ ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫНА ДАЙЫНДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 84, 3 (Вер 2025), 187–201. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.84.3.017.

