Бұл мақалада студенттердің кәсіби мотивациясын қалыптастырудағы құрылымдық компоненттердің ерекшеліктері қарастырылған. Кәсіби мотивация - жоғары кәсіптік білім беру теориясы мен практикасы үшін ең күрделі және өзекті мәселе болып табылады. Дәстүр бойынша отандық ғылымда кәсіби мотивацияны дамыту оқу мотивациясын немесе кәсіби тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыру, кәсіби өзін-өзі анықтау, бұл ретте зерттеу нысаны жеке тұлғаның мотивациялық саласы және оның динамикасы болып табылды.
Кәсіби мотивация мәселесін дамытудағы басты мәселелердің бірі оның тұрақтылығы болып табылады, ол көбінесе мамандық таңдауда қандай себептердің әсерінен қалыптасқанына байланысты. Кәсіби даярлық мотивтері мектепте қалыптасқан оқуға деген тиісті көзқарасқа, таңдаған мамандыққа (кәсіптік бағдар) оны таңдау мотивтерінің жиынтығы ретінде, білімді игеру деңгейіне (дайындық деңгейіне) байланысты. Оқу және кәсіби мотивацияның тығыз байланысын ескере отырып, студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтерін қарастыру маңызды болып табылады

