Мақалада өмірлік мағынаның студенттердің психологиялық денсаулығына көрсеткіші болатын зерттеу деректері келтірілген. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде Б.С. Братусьтің психикалық денсаулықтың үш деңгейінің теориясын, психологиялық денсаулық контекстінде адамның өз болмысының мағынасын табуының маңыздылығын қарастырған В.А. Пономаренконың тұжырымдамасын, А. Маслоудың, А.Антоновскийдің психологиялық денсаулық туралы теориялар, өмірлік мағына түсінігіне қатысты Франклдың, Бюллердің, Адлердің теориялары басшылыққа алынған. Зерттеу барысында А.В. Козловтың «Психологиялық денсаулықтың индивидуалдық моделі» методикасы мен Д.А. Леонтьевтің «Өмірлік мағына бағдар» әдісі алынып 3 курстың 60 студентіне жүргізілді және нәтижелері талданған. А.В. Козловтың «Психологиялық денсаулықтың индивидуалдық моделі» методикасы арқылы 8 вектордың көрсеткіштері анықталды. .А. Леонтьевтің «Өмірлік мағына бағдар» әдісі арқылы 5 шкала көрсеткіштері анықталды. Эксперименттік зерттеудің нәтижелеріне сандық талдаулар жасайды. Зерттеудің практикалық мәні ретінде, оның нәтижелері одан әрі тереңірек зерттеуге, сондай-ақ оны оқу және тәрбиелеу үрдісінде психологиялық қолдау бағдарламаларын дайындауға негіз бола алатындығы айтылады.
ӨМІРЛІК МАҒЫНА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ
Жарияланған September 2025
23
66
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Уакасова, М., Ербосынқызы, Д. і Беленко , О. 2025. ӨМІРЛІК МАҒЫНА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 84, 3 (Вер 2025), 57–64. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.84.3.005.

